Sailau banner

Білім

Қозыбаев университетінде құжат қабылдау комиссиясы жұмысын бастады

Қозыбаев университетінде құжат қабылдау комиссиясы жұмысын бастады. Бүгін талапкерлер шығармашылық емтихан тапсыратын мамандықтарға құжат өткізеді. Олар: журналистика, дизайнерлік, дене шынықтыру мұғалімі және бастапқы әскери дайындық. Аталған мамандықтарға түсу үшін ұл-қыздар ҰБТ-дан 10 ұпай алса жеткілікті. Қалғанын университет қабырғасында жинайды. Бірақ, балы неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы.

ГҮЛМИРА ОСПАНОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ қабылдау департаментінің директоры:

– Оқуға түсу үшін аттестат, жеке куәлік және жеңілдікке іліксеңіз, соны дәлелдейтін құжаттар, медициналық анықтама қағазы керек.

Биыл Қозыбаев университетіне 2 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Солтүстік өңір биыл тасқыннан зардап шеккен облыс болғандықтан гранттың саны артқан. Түлектердің тегін оқу бөліміне түсуге мүмкіндіктері молынан.

ГҮЛМИРА ОСПАНОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ қабылдау департаментінің директоры:

– Сонымен қатар, тек қана біздің облысымыздың түлектерінің төрт рет тапсырған ҰБТ-ларының қағаздары грантқа жарайды. Басқа жаққа барса да грантқа түсе алады.

Тағы бір жаңалық – университетте техникалық бағыттағы 4 бірдей жаңа мамандық пайда болды.

ГҮЛМИРА ОСПАНОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ қабылдау департаментінің директоры:

– Біздің университетте вагоны деген машина жайлы мамандықтар шығып жатыр. Олар қазір болашақта жастарға аса қажет.

Жалпы, университетте жаңаларын қоспағанда 86 мамандық бойынша білім беріледі. Еске сала кетейік, білім ордасы Аризона университетімен әріптестік аясында кейбір мамандықтар бойынша қосдипломдық білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істейді.

 

Мәдина Қаби