Sailau banner

Қоғам

БАҚ өкілдерінің арасында өткен байқаудың нәтижесі белгілі болды

Өңірімізде жыл сайын қазақ тілін дамыту және оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында “Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары” атты байқау ұйымдастырылады. Биыл дәстүрлі шара жыл басында тағы бастау алды. Бұл жолы қос номинациядан тұратын байқауға 8 қатысушы жұмысын жіберіпті.

ЕРНИЯЗ СҰЛТАНОВ, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы:

– Жыл басында СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен “Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары” атты байқау ұйымдастырылған болатын. Бүгін облыстық байқаудың жеңімпаздарын марапаттаймыз. Аталған байқауға облысымыздың 3 ауданын қоса алғанда 8 тілші қатысты. Бүгін үздіктер анықталып, марапатталатын болады.

Асыға күткен марапаттау сәті де келіп жетті. Алғаш болып марапат иесі атанғандардың бірі – әріптесіміз Ақжүніс Мұқатай. Жас журналист өткен жылы 2-ші орын иеленсе, биыл белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

АҚЖҮНІС МҰҚАТАЙ, МТРК телеарнасының тілшісі:

– Өткен жылы қазақ тілін үйрету курсы туралы материал дайындап ұсынғанмын. Биыл оқушылардың қазақ тілінде тапсыратын емтиханы және ана тілін мерекелеу туралы сюжет жібердім. Мұндай байқаулар жиі өткізілгені дұрыс деп ойлаймын. Себебі, сол арқылы тідіміздің қолданысы кеңейе түседі. Алдағы уақытта қатысушыларының саны арта берсін дегім келеді.

Тағы бір әріптесіміз Нұрасыл Ержанұлы жүлделі орынға ие болды. “Мемлекеттік тілді дамыту” туралы семинар тақырыбында сюжет ұсынған жас журналист 2-ші орынға лайық деп танылды.

НҰРАСЫЛ ЕРЖАНҰЛЫ, МТРК телеарнасының тілшісі:

– Мен аталған байқауға алғаш рет қатысып отырмын. Сайыс әділетті болды деп ойлаймын. Байқауға мамыр айында өткен ұстаздар арасындағы форум туралы материал жібердім. Мемлекетті тілді дамыту мақсатында осындай байқаулар көптеп өткізілсе екен деймін.

Байқауға қатысқан жүлдегер мен жеңімпаз атанғандардың ешқайсысы құр қол кеткен жоқ. Барлығына бағалы сыйлықтар табыс етілді.