Sailau banner

Құқық қорғау органдары

“Жолда қабылдау”: екі күн ішінде 400-ге жуық сұраққа жауап берілді

Өңір полицейлері 2 күн бойы “Жолда қабылдау” акциясын өткізді. Екі күнде 400-ге жуық сұраққа жауап берілген. Сұрақтар жүзбе-жүз, әлеуметтік желідегі тікелей эфир мен call-орталық арқылы түскен. Тұрғындар тәртіп сақшыларынан көлікті тіркеу, шетелден келген туысын тіркеу, әкімшілік айыппұл туралы сұрапты. Сұрақтардың басым бөлігі жол ережесіне қатысты болған. Бұндай жұмыс тұрақты түрде өткізілуі қажет дейді мамандар. Әр учаскелік инспектор азаматтар арасында тиісті түсіндіру жұмысын жүргізгені абзал. Өйткені, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру – құқықтық тәртіптің негізі болып саналады.