Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Білікті кинолог

Евгений Сичков – мамандығына адал азаматтардың бірі. Білікті маман 15 жыл бойы кинологиялық орталықтағы иттерді үйретіп келеді. Бұл бағыттың қыр-сырын әскерде жүргенде меңгерген екен.

ЕВГЕНИЙ СИЧКОВ, СҚО ПД кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологы:

– Кинологиялық орталықта қызметтік-іздестіру иттерін түрлі бағытта дайындаумен айналысамыз. Бұл: іздестіру жұмыстары, жарылғыш заттарды іздеу, есірткі іздеу және одорологиялық сәйкестендіру.

Білікті кинологқа неміс овчаркаларымен жұмыс істеген ұнайды екен. Мынау – Круз есімді ит. Бірнеше қылмысты ашуға көмектескен. Қиын жағдайда жұмыс істей алады. Бір күні тіпті “КамАЗ”-дың қозғалтқышын қолды қылған ұрының ізін қалың қар жауса да тауып алыпты. Евгений Сичков неміс овчаркасы Мэриді де жаттықтырады. Әзірге, оқыту барысы қашықтықтан жүргізіліп жатыр. Айтуынша, ақылды итті тәрбиелеудің өзіндік тәртібі бар.

ЕВГЕНИЙ СИЧКОВ, СҚО ПД кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологы:

– Қатты аяз немесе аптап ыстық болған кезде итті аз пайдалану керек. Жазда көп демалуы қажет. Көп су беру керек. Қыста жылы жерде ұстау керек. Итті жаттықтыру негізгі үш командадан тұрады: отыру, жату, тұру.

“Кинологтың жұмысы оңай емес дейді”, – Евгений Сичков. Шыдамдылық, еңбекқорлық пен табандылық қажет. Бойыңда бұл қасиеттер болмаса, итті үйрету мүмкін емес.