Sailau banner

Аптадағы маңызды жаңалықтарҚоғам

6 солтүстікқазақстандық азамат Мемлекет басшысының қолынан марапат алды

Ақордада су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысқан азаматтарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Олардың қатарында солтүстікқазақстандықтар да бар. «Ерен еңбегі үшін» медалімен қала әкімінің орынбасары Қалия Төренова марапатталды. Ол төтенше жағдай кезінде тұрғындарды эвакуациялауға көмектесіп, азық-түлікпен қамтамасыз етуге зор үлес қосқан. «Құрмет» орденімен Есіл ауданындағы Николаев ауылдық округінің әкімі Далабай Қабдуалиев марапатталды. Азаматтың арқасында тұрғындар тасқын басталмай тұрып қауіпсіз жерге көшірілген. Бескөл, Тепличный ауылдарында бөгет салуға ат салысқан экскаваторшы Владимир Царик те назардан тыс қалмады. Мемлекет басшысы оған ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін табыс етті. Сондай-ақ, шалақындық электромонтер, қызылжарлық ветеринар маман, Ғ.Мүсірепов ауданының экскаваторшысы да тиісті наградамен марапатталды.

 

Ақжүніс Мұқатай