Sailau banner

Білім

Теріскейлік оқушылар IQanat олимпиадасына қатысып жатыр

Теріскейлік ауыл балалары Алматыда IQanat олимпиадасына қатысып жатыр. Сайыстың финалдық кезеңіне 40-қа жуық ұл-қыз аттанған. Оларды жақындары жуырда теміржол вокзалынан шығарып салды. Жеңімпаздар Бурабайдағы IQanat мектеп-интернатында тегін оқиды. Қалғандары олимпиаданың үшжылдық дайындығына қатысады. IQanat – көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан балаларды қамтитын әлеуметтік-білім беру жобасы. Жоба нәтижесінде оқушылар қазақстандық және шетелдік университеттердің грант иегерлері атана алады.

ӘСЕМ ҚУАТБЕК, оқушы:

– Бізге дода көптеген мүмкіндік береді және достарды табуға, саяхаттауға көмектеседі.

АЙНҰР АМАН, оқушы:

– Көңіл күйім өте жақсы, себебі, 3-ші турға өту бұл барлығының қолынан келе бермейді деп ойлаймын. IQanat барлық балалардың армандарын орындайтын мекен деуге болады.

 

Мәдина Қаби