Sailau banner

Қоғам

Тасқыннан зардап шеккен 260 отбасы пәтерлі болды

Мына пәтерге тасқыннан зардап шеккен Мұхамеджановтар отбасы орналасты. 2 бөлмелі баспана Интернационал көшесінде орналасқан. Аумағы 40 шаршы метр болатын үй 13 млн теңгеге бағаланыпты. Отбасы мүшелері тұрып жатқан үйді ұзақ іздемеген. Бір аптаның ішінде тауып, бірден қоныс аударған.

АЙНАГҮЛ МҰХАМЕДЖАНОВА, қала тұрғыны:

– Біз осы ауданды таңдадық. Себебі, тыныш, барлығы жақын орналасқан, балаларыма да ұнады. 1:46/ Біз келген кезде ас үйдегі керекті дүниелер болды. Ал қалғанын өзіміз ақырындап алып жатырмыз.

Отбасы Ойқалада тасқынға дейін 4 жыл тұрған. 60-шы жылғы баспана көктемнен кейінгі оқиғадан кейін апатты деп танылған. Әлі сүрілмепті. Айнагүл Мұхамеджанова жаңа үй жайлы дейді. Аулада ойын алаңқайы бар. Үш баласы да осында дос тапқан.

– Ескі үйде суды тасып іштік. Мында бүкіл жағдай жасалған.
– Өзіме жаңа достар таптым. Бірден тіл табысып кеттік.

Облыс орталығында тасқыннан зардап шеккен жандар 260 пәтер тапсырылды. Тағы мыңнан астам үй сатып алу жоспарланып отыр.

 

Гүлден Сембаева