Sailau banner

Қоғам

Бірлік – береке мекені

Екатерина Чалкина Ойқала емес, енді Бірлік ықшам ауданының тұрғыны. Тасқында үйінен айырылған нәзікжанды бертінге дейін пәтер жалдап тұрған. Берекелі Бірлікке 2 апта бұрын қоныс аударыпты. Үйі ауданның дәл ортасында орналасқан. Көршілері көп. Танысып-білісу керек дейді.

ЕКАТЕРИНА ЧАЛКИНА, Бірлік ықшам ауданының тұрғыны:

– Үйге әлі жиһаз алған жоқпыз. Біртіндеп оған да жетеміз. Туысқаным келіп, үй шаруасына көмектесіп жатыр. Есік алдына егетін гүл мен жеміс-жидек әкеліпті. Соны егіп жатырмыз. Үй өте жақсы. Өзіме ұнады. Балам мен немеремен тұрамын. Есік алдындағы шаруадан босай алмай жүрмін. Көршілеріммен танысу керек.

 

Мәдина Қаби