Sailau banner

Қоғам

Петропавл мен Шымкент арасында ұшақ қатынайды

НҰРАСЫЛ ЕРЖАНҰЛЫ, тілші:

– Енді аққайыңдар өлкесінен шырайлы Шым қалаға небәрі 2 сағаттың ішінде жетуге болады. Бүгін “Петропавл-Шымкент” әуе рейсі ашылды. Екі аралықта 100 адамға шақталған ұшақ қатынамақ.

Қос қаланың аралығында SCAT компаниясының жабдықталған жайлы ұшағы қатынайды. Билет құны – 25 мың теңге. Осындай айтулы оқиға«Қызылжар халықаралық әуежайы» серіктестігінің бастауымен жүзеге асты.

ЕВГЕНИЙ ТЮРМОРЕЗОВ, «Қызылжар халықаралық әуежайы» ЖШС өкілі:

– Біз адамдарға бағаны да қолжетімді қылдық. Бұның барлығы мемлекеттік көмек арқылы жүзеге асты. Алдағы уақытта “Алматы-Петропавл” бағытында қатынауды жиілетпекшіміз. Қала тұрғындары мен қонақтары Астанаға – 15 мыңмен, ал Алматыға 30 мың теңгемен жете алады.

Петропавл мен Шымкент арасында 2017 жылы ұшақ қатынапты. Кейін әуе байланысы үзілген. Бүгін қайта жалғанып отыр. Бұрын 2 күн жүрген жолаушылар діттеген жерге 2 сағаттың ішінде жете алатындарына дән риза.

– Мен Шымкентке достарыма бара жатырмын. Бұрын Астана қаласы арқылы ғана жете алатынбыз.
– Өзім Ресейдің Томск қаласында жұмыс істеймін. Осы рейс арқылы отбасыммен тезірек қауышатыныма қуаныштымын.

Петропавлға Шымкенттен 90-ға жуық адам ұшып келді. Оларды туыстары, достары қарсы алды.

– Пойыздан қарағанда ыңғайлы. Бағасы да қолжетімді.
– Ұшақтың іші жайлы, ең бастысы салқын екен. Пойызбен салыстыруға келмейді.

SCAT компаниясына тиесілі әуе кемесі қалалар арасында аптасына 2 рет, дәлірек айтсақ, дүйсенбі, бейсенбі күндері қатынайды. Алдағы уақытта еліміздің басқа да шаһарларына тікелей рейс ашылуы мүмкін.