Sailau banner

Қоғам

Облыс әкімі Петропавлда жол жөндеу жұмыстарымен танысты

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлда жол жөндеу жұмыстарымен танысты.
№42 мектеп аумағындағы Лазутин көшесі қайта қалыпқа келтіріліп жатыр. Мұндағы шаруа 13 мамырда басталған.

ВИГЕН МЕЛКОНЯН, «Новинтех» ЖШС учаске басшысы:

– Бірінші кезекте бәрін жаптық. Тиісінше, тығыздықты тексеру үшін зертханаға үлгі жібердік. Содан кейін инертті материал төселді. Яғни, зертханадан өткен 40-70 мм қиыршық тас төгілді. Жиектастар да ұмыт қалған жоқ. Шынтуайтында, асфальт төселгенге дейін жүргізілетін істің 90% мәреге жетті.

Мердігер жұмысты екі аптаның ішінде аяқтамақшы.

– Здесь протяженность какая? – 1200 метров. Техника есть.

Бүгінде «Новинтех» серіктестігі қалада 4 жобамен айналысуда. Соның бірі – Сүтішев көшесіндегі жол жамылғысын жөндеу. Мұнда асфальттан бөлек, қалыңдығы 80 мм құрайтын плита төсеу жоспарланған.

– Здесь какую работы проводите? Бордюры установили … Ночью приступим к фрезерованию. Будем ночью делать, чтобы движение не останавливать.

Бұл мердігер Зеленый көшесіндегі бөлікке де жауапты. Мұнда да мерзім 2 аптаны құрайды.

– 5,170 км. Из них 2 км – район Хромзавода. По факту здесь 3 км. Это вы отсюда с республиканской трассы и до куда? – До самого Ишима почти. Следующая улица – Студенческая.

Жамбыл және Болатбаев көшелерінде де орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жауапты – «Гранит-Север» серіктестігі. Жұмыс 2023 жылдың қыркүйегінде басталды. Мердігер шілде айында тапсырамыз деп отыр.

– Вчера начали разбор бордюров. Сегодня до вечера закончим. С понедельника начнём укладывать бордюр и параллельно фрезеровать. До конца недели сдадим дорогу.

Облыс әкімінің қаланы кезекті аралауы Алтын дала көшесінде аяқталды. Бұл жерде «Титан Север» серіктестігі жол жөндеп жатыр.

ҒАЛЫМ ТАСБОЛАТОВ, «Титан Север» ЖШС директорының орынбасары:

– Бүгінде жұмыстың 30 пайызын аяқтадық. Жобаның сметалық құны 149 млн теңгені құрайды. Жолдың ені 7 метрді құрайды. Асфальтбетон жамылғысы төселеді. Жаяу жүргіншілер жолағы, автотұрақтар мен жарықтандыру қарастырылған. Бүгінде қиыршық тас төселіп жатыр. Қалған жұмыстарды 20-сында бастаймыз деп отырмыз.

Мұндағы жұмыс мамыр айында басталды. Мердігер аумақты 1-ші тамызға дейін тапсыруды жоспарлап отыр. Жалпы, биыл шаһарда 50-ден астам көшеге сән кіреді. Оның 39-ында бұрын-соңды асфальт болмаған.

 

Байболат Құлтанов