Спорт

Қала тұрғындары арасында велошеру өтті

Өткен демалыста облыс орталығында дәстүрге айналған велошеру ұйымдастырылды. Оған таңсәріден көліктерін сайлап, спортты жандарына серік еткен 500-ге жуық тұрғын ат салысты. Күннің ыстығына қарамай қатысам деушілер жетерлік. Спортшылар төрешінің белгісінен кейін бірден жарысты бастап кетті. Жарысқа велосипеді бар кез келген әуесқой қатысуда. Айта кеткен жөн, сайыс олимпидашыларды қолдау мақсатында өткізіліп отыр.

БАУЫРЖАН ҚҰЛЖАНОВ, СҚО күрес федерациясының құрметті президенті:

– Париж қаласына Алексей Луценко жарысқа барайын деп жатыр. Үмітіміз зор. Осы жарыстың мақсаты – балаларды спортқа тарту. Олар спортпен шұғылдануға жағдай жасау.

 

Гүлден Сембаева