Петропавлда Есілге ағып кеткен жеткіншекті іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары мен төтеншеліктер Жұмабаев көшесі бойындағы 331-ші нысан аумағын аралауда. Бұл – өзеннің жағасы. Жауапты іске 13 қызметкер, 5 техника және 2 ұшқышсыз ұшатын аппарат тартылған. Әзірге, нәтиже жоқ. Еске сала кетейік, маусымның 14-і күні қала тұрғыны Омар Самухитдинов суға батып кетті. Ұсынылған ақпарға сүйенсек, марқұм бала 2 құрдасы және інісімен Есілге барған. Ағысы қатты өзенде балалар тақтайға арқан байлап, бір-бірін итермелеп ойнаған. Осы сәтте Омар тұрған тақтайдағы арқан шешіліп кетіпті.