Sailau banner

Қоғам

Екі жол-көлік оқиғасының бірі өліммен аяқталды

Сенбі күні облыста екі жол-көлік оқиғасы болды. Петропавл-Долматово тасжолында BMW мен “ГАЗ-33” көліктері соқтығысып, біріншісінің 30 жастағы жүргізушісі ауруханаға түсті. Екеуі ішімдік ішпеген, механикалық зақым келген машиналары арнайы автотұраққа қойылды. Жеңіл көліктің иесіне қатысты әкімшілік материал жиналды. Ал Тайыншада болған оқиға өліммен аяқталды. Келлеровка маңында көлікке мінген 53 жастағы жүргізуші аттылы кісіні қағып өткен. Оның үстінде отырған 52 жастағы ер адам мен астындағы аты да мерт болды.

МӘДИНА ЕРҒАЛИЕВА – СҚО ПД баспасөз хатшысы:

– Алдын ала белгілі болғандай, атқа мінген 52 жастағы ер адам көліктермен бірге бір бағытта жол шетімен жүріп бара жатып жақындап қалған көліктердің бірінің алдына шығып кеткен. Салдарынан ер адам алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Астындағы аты да сол жерде жан тапсырды. Аталған факті ҚР ҚК Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Көлік жүргізушісінен қан алынды. Алдын ала мәлімет бойынша мас емес.