Sailau banner

Қоғам

Апатты деп танылған баспаналар бұзылуда

Ойқала кентінде апатты деп танылған үйлерді сүру жұмыстары жалғасып жатыр.
5-ші Армия көшесінен бастап Дубынин көшесіне дейінгі аралыққа айыртаулық мехбригада жауапты. Бұл маңда 106 үйге зақым келген. Оның 20-сы ғана жөндеуге жарайды, ал қалғаны сүріледі. Іске 10-ға жуық техника мен 35 адам жұмылдырылған.

ЕҢБЕК ИСИН, Айыртау ауданы әкімінің орынбасары:

– Қазіргі кезде 5 үйге жөндеу жұмысы жүргізліп жатыр. 12 үйдің иесі баспаналарын өздері монтаждамақ. Біз 10-үйді бұздық. Оның 6-ауын қала сыртына төктік. 2 күн болды свалка жұмыс істемей тұр. Сол себепті, жұмысымыз кішкене тоқтаңқырап қалды. Бірақ, бәрі бірде үйді бұзып жатырмыз.

Былғары зауыты аумағында Шал ақын ауданынан келген механикаландырылған бригада жұмыс істеп жатыр. Олардың назарында – 218 үй. 130-ы апаттық деп танылған. Шалақындықтар әзірге 33 баспананы бұзған.

САЯТ ОМАРОВ, Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары:

– 27 үйге күрделі жөндеу жұмысын жүргізіп жатырмыз. 8 баспананың жұмысын аяқтап қалуға жақынбыз. Елді мекеннен қоқысты да шығарып жатырмыз. Бүгінге дейін 4 мың тонна күл-қоқыс төктік.

Шалақындық бригада 8 баспананы жөндеп, шілденің 1-іне дейін тапсырмақ. Іске 10 техника мен 35 адам тартылған.

 

Гүлден Сембаева