Sailau banner

Қоғам

Жастарға арналған мүмкіндік

Жоғары оқу орнының түлегі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурссыз орналаса алады. Бірақ, бәрі емес. Үміткердің біліміне қатысты тиісті көрсеткіші кемінде 3,33 болуы керек және грантта оқуы қажет. Ренат Балташев – осы мүмкіндікті тиімді пайдаланған жастардың бірі. Оның ауданда жер қатынастары бөлімінде жұмыс істеп жатқанына бір жол болған.

РЕНАТ БАЛТАШЕВ, М.Жұмабаев ауданы жер қатынастары бөлімінің бас маманы:

– Мен Қозыбаев университетін былтыр тәмамдадым. GPA көрсеткішім 3,4 болды. Сол себепті, мен жұмысқа ешқандай іріктеусіз, тестілеусіз орналастым. Бастысы, қызметім өзіме ұнайды.

Бейінді департамент қызметкерлерінің айтуынша түлектер ауданда жұмыс істегенді жөн көреді дейді. Өйткені, жас мамандарға «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы аясында тиісті жағдай жасалады: көтермеақы мен баспана алуға жеңілдетілген несие беріледі.
Соңғы 4 жылда өңірде ауылдық жерде жұмыспен қамтылған 60 жас мемлекеттік қызметші бюджеттік кредит пен қолдауақы алған.

АСҚАР БАЙМҰҚАНОВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

– Қазіргі уақытта біздің біздің облысымызда 7 түлек жұмыс істеуде. Олар мемлекеттік қызметке іріктеусіз тағайындалды. Бұдан бөлек тағы 2 адаммен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта олар мемлекеттік қызметке тағайындалады. Біз жас түлектерді мемлекеттік қызметке түсуге шақырамыз.

Қоса кеткен жөн, биыл өңірде 15 жас мемлекеттік қызметшіге 5 млн теңгеден астам көтермеақы беріліпті.

 

Гүлден Сембаева