Sailau banner

Қоғам

СҚО-да бір күнде 27 тонна қоқыс жиналды

“Таза бейсенбі” экологиялық акциясы аясында «Қызылжар су» серіктестігіне қарасты сорғы станциясының аумағы күл-қоқыстан тазартылды. Кәсіпорынның маңы 2 ай бұрын тасқын судан ластанған болатын. «AMANAT» партиясының өкілдері және белсенділері шамамен 2 сағаттың ішінде маңайды тазартып, ретке келтірді. Қоғам белсенділері 2 тонна қоқыс жинады. Бастама «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында өткізілуде. Барлық өңірде алдын ала елді мекендердің ластанған аумақтарының карталары әзірленеді. Жалпы, бұл жолы облыс аумағында 27 тонна қалдық жиналды. Науқанға 700-ге жуық адам қатысты.

 

Гүлден Сембаева