МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау

Елімізде кәсіпкерлердің құқығын қорғау ісі жалғасуда. Маңызды міндетті жүзеге асырушы мемлекеттік органның бірі – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі. Бүгінде аталған ұйымның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бірнеше бағытта жұмыс істеуде. Қазір көлеңкелі бизнеспен күрес қарқын алған. Қоғамда қылмыстық жолмен келген ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру, қолдан алкоголь өнімдерін өндіру сынды заң бұзушылықтар тіркелуде. Мемлекеттік орган осылардың алдын алу бойынша жоспар құрған.

САМАТ ШӘРІШЕВ, СҚО бойынша жэкономикалық тергеп-тексеру департаменті бастығының орынбасары:

– Салада орын алған өзгерістер көлеңкелі экономикада анықталған құқық бұзушылықтарға бірден назар аударуға мүмкіндік берді. Олардың арасында қылмыстық жолмен келген ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру, қаржылық пирамидаларды ұйымдастыру, заңсыз ойын бизнесі мен жалған ақша жасаушылар бар. Биыл сотқа дейінгі тергеп-тексерудің 70 пайызға жуығы осы субъектілерге қатысты болды. «Көлеңкелі бизнес» қызметінен ешқандай пайда жоқ. Олар салық төлемейді, әлеуметтік міндеттемелерді орындамайды.

 

Байболат Құлтанов