Sailau banner

Қоғам

Большая Малышка ауылының тұрғыны 150 АЕК көлемінде қосымша өтемақы алды

Вера Винокурова – Қызылжар ауданындағы Большая Малышка ауылының тұрғыны. Табиғи апат кезінде қызыл су баспанасының терезесіне дейін жеткен. Бірде-бір мүлкін аман алып қала алмапты. Десе де, үй тұруға жарамды. Сол кездегі ауыр жайтты бастан өткерген отанасы күні кеше аса қажетті дүние-мүлікті сатып алу үшін 150 АЕК қосымша өтемақыға ие болды.

ВЕРА ВИНОКУРОВА, Большая Малышка ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– Бүгін мен үйімді бағалау бойынша комиссияның қабылдауында болдым. Ақша бөлді. Баспана қалыпқа келтіріледі. Менің барлық балалық және жастық шағым сол үйде өтті десем болады. Басқа үйге көшкім келмейді. Су кіргеннен үйдегі барлық техникалық жабдыққа зақым келді. Берілген өтемақыға барлығын жаңартамын. Ризамын.

Қызылжар ауданында арнайы комиссия тыңғылықты жұмыс істеп жатыр деуге болады. Олар тұрғындардың білуі және толтыруы тиіс құжаттарды жинақтайды. Үйлердің апаттық не жарамды екенін ажыратады.

ЖАНЕЛЬ БАТАНОВА, Қызылжар ауданы әкімінің баспасөз хатшысы:

– Ауданда біржолғы көмекті барлығы алды. Кешеден бері аса қажетті дүние-мүлікті сатып алу үшін қосымша өтемақы берілу басталды. Өтемақы ТҮКШ бөлімі арқылы беріледі. Жұмыс күнделікті жүргізіліп жатыр. Комиссия мүшелері кезең-кезеңімен жұмыс істеуде.

Еске сала кетейік, тасқын кезінде Қызылжар ауданында 1 жарымнан мыңнан астам үйді су басты. Баспаналары тұруға жарамаған 19 отбасыға үй берілді.

 

Ақжүніс Мұқатай