Sailau banner

Қоғам

Жастар жемқорлыққа қарсы

Жастар және сыбайлас жемқорлық. Бүгін Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың қабырғасында осындай тақырыпта TED-x форматында конференция өтті. Яғни, жиында әртүрлі тақырыптағы спикерлер кезек-кезек ортаға шығып, дәріс оқыды. Ал тыңдаушы қауым – қаладағы колледждердің студенттері. Барлығы – 30-ға жуық қыз-жігіт кезекті рет қоғам дертінің соңы жақсылыққа апармайтындығы туралы ақпаратқа қанық болды. Студенттермен тілдесу үшін іс-шараға жергілікті білім ордасының қызметкері Инна Джемалединова да келіп отыр.

ИННА ДЖЕМАЛЕДИНОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ қызметкері:

– Жиналған қауымға Қозыбаев университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар туралы айтпақпын. Біздегі бұл жұмыс бір бағытта ғана жүзеге аспайды. Соның бірін айта кетейін. Студенттер емтихан тапсырмасын алғаннан кейін QR-кодты сканерлейді. Сосын тапсырады. Мұғалім кімнің жұмысын тексеріп жатқанын білмейді. Осылайша, парақорлық көрсеткішін азайтуға септесіп жатырмыз.

 

Ақжүніс Мұқатай