Sailau banner

Қоғам

Жалпыға бірдей декларацияны 15-ші қыркүйекке дейін тапсыру қажет

Облыс орталығында жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Оған жыл басынан бері мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары қатысуда. Басты мақсат – әділ салық салуды қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың кірісін бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Жалпы есепте жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, көлік құралдары, арнайы техникалар, шетелдік банк есепшотындағы сақталған қаражат көрсетілуі керек. Қалалық мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, декларацияны қанша адам тапсырғаны есептелуде. Ал тапсырмаған жандарға айыппұл салынбақ.

ДИАНА ӘУБӘКІРОВА, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы:

– Петропавл қаласы бойынша жалпыға бірдей декларацияны 30 мың адам тапсыруы тиіс. Декларация қағаз және электрондық жеткізгіште ағымдағы жылдың 15-ші қыркүйегіне дейін кешіктірілмеуі қажет. Салық есептілігін орындау үшін “e-Salyq Azamat” қосымшасын қолдану керек.