Sailau banner

Қоғам

СҚО-да 811 шақырым жол жөнделеді

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 811 шақырым жол жөнделеді. Оның 141 километрі республикалық маңызға ие. Қайта қалыпқа келтірілетін трассалардың арасында Явленка-Николаевка ауылдарының арасы бар. Ал жергілікті маңызға ие жолдың ұзындығы 570 шақырымды құрайды. Ағымдағы жылы елді мекендерде 54 көше жөнделеді. Петропавлда 100 шақырым жол желісін жаңалау көзделіп отыр. Алдағы жылы да аймақта ауқымды жұмыс атқарылмақ. Нәтижесінде республикалық маңызға ие жол сапасының көрсеткіші 100 пайызға жетпек. Ал жергілікті жолдардың үлесі 95 пайызды құрамақ.

 

Байболат Құлтанов