Sailau banner

Қоғам

Шомылу маусымы басталды

Пестрое көлінің жағасында еңбектеген баладан бастап, еңкейген қарияға дейін жүр. Барлығы арқа-жарқа. Олардың қауіпсіздігін төтенше жағдайлар департартаментінің қызметкерлері мен тәртіп сақшылары бақылауда.

Мамандар тұрғындарға судағы тәртіп ережелері жазылған жаднама қағаздарын таратып, түсіндіру шарасын жүргізуде. Оқыс оқиғалардың дені масаң күйде шомылғаннан болады. Сондай-ақ, демалушылар орнатылған белгіден аспауы қажет. Егер ереже еленбесе, тұлғаға айыппұл салынады.

ҚУАНЫШ ШАЯХМЕТОВ, қалалық ПБ учаскелік полиция инспекторы:

– Іс-шараның негізгі мақсаты – халықты ескерту. Егер адам шомылу кезінде масаң күйде болса және қоғамдық орындарды ластайтын болса, темекі шексе, айыппұл қарастырылған. Бірінші ескерту жасалады, кейін айыппұл салынады.

Қазіргі таңда облыс бойынша шомылуға рұқсат етілген 60 орын бар. Әзірге, оның 40-ында ғана демалуға болады. Қалғанында тиісті тексеріс шарасы жүргізіліп жатыр. Түсірілім барысында демалушы тұрғындардан ережені қаншалықты білетіндерін сұрадық.

– Біз жыл сайын достарымызбен Пестрое көлінің маңына демалуға келеміз. Әрине, ережелерді қатаң ұстанамыз. Мұнда түрлі оқиға орын алып қалуы мүмкін.
– Суға ересек адамдармен бірге түсу қажет. Сонда қауіпсіз демалуға болады.

 

Гүлден Сембаева