Sailau banner

Қоғам

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Жазғы демалысқа шыққан балалардың қауіпсіздігі – алаңдатарлық мәселе. Өйткені, біреуі суға түседі, асыр салып ойын ойнайды, мектеп бітіргендері қыдырады. Осы ретте тәртіп сақшылары түлектерді көл маңыңа бармауға, табиғатқа шыққанда от жақпауды ескертеді. Бұл мәселені мамандар білім саласының өкілдерімен бірлесіп талқылады. Балалар түнде жалғыз жүрмеуі қажет. Себебі, түрлі құқықбұзушылықтардың басым бөлігі түнде болады.

ҚҰРМАНҒАЛИ ИСМАҒҰЛОВ, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары:

– Мектептердің басшылығы маған қанша ресми және бейресми іс-шара өткенін баяндауы қажет. Біз соған қарап тиісті іс-шаралар қолданамыз. Қазіргі таңда біздің есепте 650-ге жуық кәмелеттік жасқа толмаған бала тұр. Биыл сол көрсеткіш артпаса деймін.

Жиында көтерілген тағы бір мәселе – балалардың лагерьдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оны да тәртіп сақшылары басты назарға алған. Өңірде 12 сауықтыру орны бар. Барлығы – мамандардың бақылауында.

ТАТЬЯНА ПРОТОПОПОВА, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Сауықтыру лагерьлерінің барлығына камералар орнаттық. Басқарма атынан оқытушыларды жібереміз. Олар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, демалыстарының есте қаларлықтай өтуіне септігін тигізеді. Тәртіп сақшыларымен тығыз байланыстамыз.

Сонымен қатар, басқосуда интернет-алаяқтық пен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мәселесін талқылады.