Қазақстан жаңалықтары

2023 жылы қаржыландырудың қажетті көлемімен қамтамасыз ету мемлекетке өзінің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындауға мүмкіндік берді

Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Мәди Тақиев мәлімдеді. Сондай-ақ, Қаржы министрлігінің басшысы республикалық бюджеттің кірістері бойынша жылдық жоспар 99,9% – ға орындалғанын, бюджетке 19 трлн теңге (жоспар бойынша 19,1 трлн теңге) түскенін хабарлады. Оның ішінде РБ меншікті кірістері (трансферттерді есептемегенде) – 14,5 трлн теңге (жоспарға 99,3% 14,6 трлн теңге). Жоспар 101 млрд теңгеге орындалмады.

“Жалпы, 2022 жылмен салыстырғанда кірістер 4 трлн теңгеге өсті (138,8% – ға, 2022 жылғы 10,5 трлн теңгеден 2023 жылғы 14,5 трлн теңгеге дейін), оның 2,9 трлн теңгесі салық түсімдеріне тиесілі, олар 29% – ға өсті (2022 жылғы 10 трлн теңгеден 2023 жылғы 12,9 трлн теңгеге дейін)”, — деп толықтырды Мәди Такиев.