Sailau banner

Қоғам

Тасқын салдарымен күрес: сүру жұмысы

Тасқынан салдарынан зақым келген үйлерді сүру жұмысты әлі жүріп жатыр. Күннің ыстығына қарамастан Ойқала ықшам ауданында бірнеше механикалық бригада қызу жұмыс істеуде. Уәлиханов ауданынан келген белсенділер бүгінге дейін апаттық жағдайда деп танылған 70-тен астам баспананың 10-ға жуығын бұзған.

ТАЛҒАТ САҒИТОВ, Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары:

– Сырылған үйлердің иелері баспаналды болды. Бүгінгі күнге дейін 20-дан астам үй демонтаждалды. Оның ішінде кейбір иелері өз еркімен күрделі жөндеу жұмысын атқармақ.

Жалпы, уәлихановтық бригада 135 баспанаға жауапты. Іске 4 техника мен 35 адам жұмылдырылған. Ойқала ықшам ауданынанң бергі жағында Ғ.Мүсірепов ауданының механикалық бригадалары еңбек етуде. Олар Дубынин көшесінен бастап Урицкого көшесіне дейін қамтылуда. Мұнда 198 үйдің 137-сі апаттық деп танылған. Қазіргі таңда 6 баспана бұзылыпты. Жөндеу жүргізетіндері де бар.

ЕРЛАН АМАНЖОЛОВ, Ғ.Мүсірепов ауданы әкімінің орынбасары:

– Материал жеткілікті. 12 үйге күрделі жөндеу жүргізілуде. Оның 3-еуіндегі жұмыс тындырылды. Қалғанын әзірге кептіріп жатырмыз. Ауданнан 5 бригада келді. Әрқайсысында – 5 адамнан. Сонымен қатар, 8 техника тартылды.

Күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан үйлердің орташа сметалық құны 5 млн теңгені құрайды.

 

Гүлден Сембаева