ЭкологияҚоғам

Петропавлда электр көлігін қуаттайтын станса орнатылмақ

Дамыған елдердегі сияқты электр энергиясымен қозғалатын көліктер Қазақстанда да пайда болды. Экологиялық тұрғыда таза болып саналатын төрт дөңгелекті қатынау құралдарының саны күн өткен сайын артуда. Сәйкесінше, оларды қуаттайтын стансалар да көбеюі керек. Жақында “ҚазАвтоЖол” мен KAZENERGY арасында меморандумға қол қойылады, деп хабарлайды Aikyn.kz. Жоспар бойынша елде шамамен 220 станса орнату қажет. Оның 100-і республикалық маңызы бар жолдардың бойында пайда болады. Биыл соның 40-ы қойылмақ. Оның бірнешеуі Петропавлда қызмет көрсетеді.

ДАРХАН ИМАНАШЕВ, “ҚазАвтоЖол” компаниясының басқарма төрағасы:

– Еліміздегі электр көлігін қуаттайтын стансалардың жалғыз операторы KAZENERGY компаниясы саналады. Бұл мәселе пысықталып жатыр. Қазір республика бойынша 150 станса орнатылды. Оның 50-і республикалық маңызы жолдардың бойында тұр. Негізгі дәліз ретінде Астана-Алматы, Петропавл, ШҚО, Алматы облысы, Жетісу бағыты таңдалды.

 

Ақжүніс Мұқатай