Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Жалдамалы пәтерде түнде шу шығарған 13 жасөспірім анықталды

Петропавлда 13 жасөспірім түнде пәтер жалдап, шу шығарған.
Тұрғындардың шақыртуымен келген полицейлер 14-16-дағы балалардың біреуінің мас екендігін көреді. Қалғаны ішкен жоқпыз деп ақталыпты. Балаларын қараусыз жіберген ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

АЛЕКСАНДР РОЗБАХ, СҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасарының міндетін атқарушы:

– Жазғы демалыстың басталуымен жасөспірімдердің түнгі серуендері жиілеп кетті. Ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарды
қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау, олардың тарапынан болатын заңбұзушылықтардың жолын кесу мақсатында үнемі рейдтер жүргізеді. Бұл жұмыс “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында күшейтілді.

“Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу шарасы аясында өңірде 10 күнде жасөспірімдердің түнде жалғыз жүруіне қатысты 120-ға жуық факті анықталып отыр. 15 жастағы бір бала ойын клубынан табылды. Клубтың заңды өкілі де, иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Мәдина Қаби