Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Облыс прокурорлары 13 кәсіпкерлік субъектісінің құқығын қорғады

Облыстық прокуратурада өткен Үйлестіру кеңесінде қылмыстық процесте кәсіпкерлік субъектілерінің, құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы заңдылық мәселесі қаралды. Кәсіпкерлікті қорғау саласындағы қадағалауды күшейту – Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. Бұл бағытта атқарылған жұмыс аз емес. Жыл басынан бері мобильді топ 43 сигналды өңдеп, оның 23-і өз дәлелін тапты. 16 қадағалау актісі енгізіліп, 9 тұлға жауапкершілікке тартылды, 29 заңсыз салық тексеруінің күші жойылды. Былтырдан бері бизнес өкілдерімен 47 кездесу және уәкілетті органдармен 2 фронт-офис өткізілді. 7 инвесторға қолдау көрсетілді. Бүгінде өңірде 577 млрд теңгеге 5 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 36 инвестициялық жоба жүзуге асырылуда. Тағы облыс прокурорлары заңсыз тексерулердің жолын кесу арқылы 13 кәсіпкерлік субъектісінің құқығын қорғады.

 

Ақжүніс Мұқатай