Қоғам

Бір күнде автобус жүргізушілері ондаған ереже бұзған

– По ст. 590 ч. 5 КоАП РК за то, что вы не имеете противооткатного устройства.

Полицейлер «Автобус» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде біраз олқылық анықтады. Көліктің ішінде тиісті құрылғының болмауы, апаттық жағдайда ашылуы тиіс есіктің ашылмауы. Сондай-ақ, рөлде отырып телефон пайдалану тыйылмай тұр. Дұрыс маневр жасамау, жылдамдықты арттыру жайттары да аз емес. Тәртіп бұзғандар көлік пайдалану ережесін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Гүлден Сембаева