Қоғам

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жиһаз алуға өтемақы төленіп жатыр

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға аса қажетті дүние-мүлікті сатып алу үшін 150 АЕК-ке дейін қосымша өтемақы төленіп жатыр. Тиісті үлесін алғандардың бірі – Юлия Тиукова. Нәзікжанды бұған дейін жанұясымен Косогор ықшам ауданында тұрған. Тасқын кезінде судың деңгейі терезеге дейін жетіпті. Ішіндегі мүлкін жарым-жартылай шығарып үлгерген.

ЮЛИЯ ТИУКОВА, қала тұрғыны:

– Үйден су кеткеннен кейін арнайы комиссия мүшелері келді. Олар баспананы жарамсыз деп таныды. Кейін бізге әкімдік мамандары орнына пәтер немесе “Бірлік” ықшам ауданынан үй алыңызар деді. Мен пәтер таңдадым.

Жалпы, облыс бойынша тасқыннан зардап шеккен 225 отбасыға 86 млн 805 мың теңге көлемінде қосымша өтемақы төлеген.

 

Гүлден Сембаева