Құқық қорғау органдары

Петропавлда 28 жастағы алаяқ ұсталды

– Вы имеете право хранить молчание, всё, что вы скажете, может быть использовано против вас в суде. Вы имеет право на присутствие защитника во время допроса. Если вы не можете оплатить услуги защитника, он будет предоставлен вам государством. В данный момент вы будете доставлены в УП г. Петропавловска для проведения следственных действий. Вам ясны ваши права? – Да.

Бұл видео – алаяқ жігітті ұстау сәтінен. Ол сөмкесінің жерге түсіп кеткенін пайдаланып, ішіндегі телефонды аяғымен таптап сындырмақшы болған. 28 жастағы жігіт өткен жылы полиция қызметкері болып киініп, 53 жастағы қала тұрғынын 1 млн теңгеге алдап кеткен. Ол жедел-іздестіру шарасын өткізіп жатқан кейіп танытып, білетінін біліп алып аңғал азаматтың атына несие рәсімдеген.

ВИТАЛИЙ ПОДЧЕРНИН, СҚО ПД КПБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:

– Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес тобының қызметкерлері қалалық полиция басқармасындағы Cyberpol тобының жедел уәкілдерімен бірлесіп, күдіктіні тез арада анықтады. Ол Петропавл қаласының еш жерде жұмыс істемейтін 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Алаяқтың бұған дейін осыған ұқсас 15 құқықбұзушылыққа қатысы бары анықталды.

Күдікті қамауға алынды. Ақпараттық жүйені қолданушының сеніміне кіре отырып, оны алдау арқылы жасалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жігіт 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Мәдина Қаби