Ауыл шаруашылығы

Өңірде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жалғасуда

Өңірде теріскейліктерге тиімді ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасуда! Солтүстікқазақстандық тауар өндірушілердің қатысуымен әр сенбі сайын Петропавлдың «Алтын Арман», «Қызылжар Ақбастау» және «Дәрия» базарларында сауда қызады. Сөреге табиғи таза 25-ке тарта өнім түрі қойылады. Олардың құны нарықтағыдан 10-15% төмен. Сандарды сөйлетсек, жыл басынан бері облыс орталығында 57 жәрмеңке өтіпті. Онда жалпы құны 120 млн теңгеден асып жығылатын 92,5 тонна тауар сатылған. Тұрғындар таңдау жасаған өнімнің басым бөлігі – ет. Сонымен қатар, биыл аймақтың аудандарында 47 жәрмеңке ұйымдастырылды.