Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Тайынша ауданында болды

Драгомировка ауылында салынып жатқан мектептің құрылысы мамыр айында басталған. Жоба құны – 1,2 млрд теңге. Жауапты мердігер – «Зерттеу СК» серіктестігі.

НИКОЛАЙ ВАРДА, учаске бастығы:

– Қазіргі таңда мектептің 2-ші қабатында жұмыстар аяқталуға жақын. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі резервуары дайындалуда. Бір-екі күнде мектептің жылу қазандығын жасайтын адамдар келеді. Жалпы, ЖҰМЫСҚА 45 адам жұмылдырылған.

Оқушылар 3-ші және 4-ші тоқсанда балабақшада оқыған. Себебі, ауылдағы 1968 жылы салынған ескі мектеп апаттық деп танылған. Ал салынып жатқан жаңа білім ордасы 120 орынға шақталған. 2 қабаттан тұратын нысан қыркүйек айында қолданысқа беріледі.

– Мы успеем?-будем стараться! Молодцы, если в мае зашли так быстро вы подняли. Жарайсыңдар.

Сондай-ақ, облыс әкімі Келлеровка ауылында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Жобаны жүзеге асыруға 335 млн теңге жұмсалған. Жауапты мамандардың сөзінше, 2 қабатты нысанның құрылысы шілде айында аяқталмақ. Өңір басшысы жұмысқа адамдарды көптеп тартып, істі жылдамдатуды тапсырды.

 

“Қызылжар” телеарнасы