Sailau banner

Қоғам

Жастар жемқорлыққа қарсы

Біз болашақты сыбайлас жемқорлықсыз құрамыз! Бүгін Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында осындай атаумен іс-шара ұйымдастырылды. 25 колледж студентінің басын қосқан жиын диалог форматында өтті. Мақсат – еліміздің экономикасына кедергі келтіретін, қоғам дертіне айналған мәселе – сыбайлас жемқорлықтың кесірі туралы жастарға тағы бір мәрте түсіндіру.

ОЛЬГА ДУМА, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері:

– Бұл тақырып қазір өте өзекті болып тұр. Қаладағы барлық колледж студенттерінің басын қосып, іс-шара өткізіп отырмыз. Жиында жемқорлық сөзінің анықтамасынан бастап, оның қандай қауіп әкелетіне дейін сөз қозғалады. Мұндай шаралардың маңызы зор деп білемін. Сондықтан, кітапхана қабырғасында осы тақырыптағы жиындарды жиі өткіземіз.

 

Ақжүніс Мұқатай