Sailau banner

Қоғам

Кәсіпкерлер қапалы

Тасқыннан зардап шеккен солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер қапалы. Олар табиғи апат келтірген шығынды өтеу тәртібіне наразылықтарын білдіріп жатыр. Осыдан 1 айдан астам уақыт бұрын бизнес өкілдері үшін арнайы комиссия құрылды. Алайда, оның жұмысы көңіл көншітпейді. Бүгінгі күнге дейін 4 өтініш қана қаралыпты. Өкінішке қарай, құжаттың толық жиналмауына байланысты бәрі кері қайтарылған. Тағы бір мәселе бағалау қорытындысына қатысты.

ЛЮБОВЬ АФАНАСОВА, кәсіпкер:

– Су кірген үйімнің ауданы 145 шаршы метрді құрады, 10 сотық жер, монша, жылыжай болды. Өтемақы тек үй үшін төленеді. Оны мамандар 22,7 млн теңге деп бағалады. Бұл ақшаға мен не аламын? Егер бизнесім осылай бағаланса, жығылғанға жұдырық болады.

Заң бойынша үй ғана өтемақы төленетін мүлікке жатады және ең жоғары сома – 22,7 млн теңге. Нәзікжандығы осындай жауап берілді. Жиында бұдан өзге де түрлі мәселе қаралды. Кейбір жандарға қалалық комиссия төлем жасаудан бас тартқан.

ГҮЛШАТ ШӘКІРОВА, кәсіпкер:

– Жеке тұлғаларға келтірілген шығынды өтеу жөніндегі қалалық комиссия мені қабылдамай, кәсіпкерлер ісі жөніндегі комиссияға жіберді. Бірақ, зақымданған ғимаратта кәсіпкерлік қызмет жүргізілмейді. Мен кәсіпкер ретінде Қызылжар ауданында жұмыс істеймін. Онда да мүлкім бүлінді. Алайда, бұл тұрғыда аудандық тарапқа шағымым жоқ. Мені қаладағы нысанға қатысты шығарылған шешім алаңдатып отыр.

Жиынға түрлі саланың мамандары қатысты. Қадағалаушы орган өкілдері азаматшаны қалалық прокуратураға жүгінуге шақырды. Айта кетейік, өңірде тасқыннан 204 бизнес субъектісі зардап шекті.

 

Байболат Құлтанов