Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Қару туралы заңға түзетулер енгізілді

Әкімшілік полиция қызметкерлері қару-жарақ ұрлығы мен жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған тексеру жұмыстарын белсенді жүргізеді. Облыста жыл басынан бері қызметтік қаруды сақтау және тіркеу ережелерін бұзудың 16 фактісі анықталған. Осы ретте таяу арада тексеру тәртібіне өзгерістер енгізілді. Талаптарды орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген.

ЕРБОЛАТ ҚАБЫРОВ, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

– 2024 жылғы 6-сәуірде жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы заңға түзетулер енгізілгенін хабарлаймыз. Заңда қару айналымының саласында жұмыс істейтін субьектілердің тексерісін нақтылау, тексеруге жататын субьектілердің құқықтарын анықтау және бақылау аспектілері міндеттерін анықтау көзделген. Көрсетілген толықтырулар биылғы жылдың 8-маусымында қолданысқа енгізіледі.

 

Ақжүніс Мұқатай