Sailau banner

Білім

Білім беру саласын жетілдіру жайы сөз болды

“Білім берудегі зерттеулер: ақыл-ойды дамыту арқылы әлемді өзгерту”. Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде осындай атаумен ғылыми-педагогикалық конференция өтті. Шара қатысушылары түрлі тақырыпта сөз қозғады. Айтылғанның барлығы саланы алға жылжытуға қатысты болды. Астаналық Асылан Айтахметов елді мекендерде орналасқан оқу ұяларына назар аударған. Ол “Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту” атты жобасында бірнеше бағытты ой елегінен өткізген.

АСЫЛАН АЙТАХМЕТОВ, жоба авторы, Астана қаласы:

– Ауылдық мектептерге қалалық үлгіні енгізу керек. Мұғалімдердің біліктілігін арттырға да артық етпейді.

Шараға саланың жілігін шағып, майын ішкен 100-ден астам жетекші педагог пен сарапшы қатысты. Олардың арасында ақмолалық біршама ұстаз да болды. Мамандар ойға түйгенді әріптестеріне жеткізбек ниетте.

КҮЛІМКӨЗ СМАИЛОВА, қалалық №5 орта мектебінің директоры:

– Мен шарадан керемет әсер алдым. Өте қажетті дүниелер айтылып жатыр. Бүгін ұйымдастырылған жиынды өз мектебімде ұйымдастырып, тәжірибе алмасатын боламын.

Пленарлық сөз сөйлегеннен кейін конференция жұмысы секциялық отырыстарда жалғасты. Мұнда педагогтар оқытудың инновациялық әдістерін, білім беруде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдануды, оқушылардың тұлғалық дамуын талқылады.