Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Бес күнде бес жүзге жуық жол ережесін бұзу фактісі тіркелді

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы барысында жолдағы тәртіп де жіті бақыланды. Күшейтілген режимде жұмыс істеген полицейлер 500-ге жуық жол ережесін бұзу фактісін тіркеді. Оның басым бөлігі – көлік жылдамдығын арттыру. Мас күйінде ұсталған азаматтар да бар. Ішімдік ішіп алып рөлге отырған 10 жүргізуші тиісті жауапкершілікке тартылды. Осы ретте мамандар тексеру кезіндегі талаптарды еске салды.

ГРИГОРИЙ ТЫШ, СҚО ПД ЖПБ бастығының орынбасары:

– Жүргізушілер қызметкердің айтуы бойынша тексеру үшін жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу куәлігін, жол парағын, тасымалданатын жүкке арналған және басқа да құжаттарды ұсынуға міндетті. Жүргізуші көліктен полиция қызметкерінің рұқсатымен шығады, масаңдыққа тексерістен өтуге және заңдамада белгіленген өзге де міндеттерді орындауы керек.

 

Ақжүніс Мұқатай