Sailau banner

Қоғам

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң күшіне енеді

15 маусымда “Әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы” заң күшіне енеді. Енді денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, ұрып-соғу сияқты құқық бұзушылықтар әкімшілік кодекспен емес, қылмыстық кодекспен қаралады. Сонымен қатар, 16 жасқа толмаған тұлғаларға сексуалдық сипатта тиісу және өзін-өзі өлтіруді насихаттауға қатысты жаңа баптар енгізілді.

СЕРГЕЙ ТАБАРИН, СҚО ПД анықтау басқармасының бастығы:

– Негізгі өзгерістер әйелдер мен балаларға қатысты. Жаңашылдық зорлық-зомбылық үшін жазаның қатаңдатылуын көздейді. Жаңа баптар да қолданысқа енгізіледі.

Полиция қызметкерлері, прокуратура, әділет және сот жүйесінің өкілдері қатысқан дөңгелек үстелде тергеу іс-шараларын оңтайландыру және қылмыстық процесте қағазбастылыққа жол бермеу мәселелері көтерілді.

 

Мәдина Қаби