Sailau banner

Спорт

Студенттер арасында волейболдан жарыс бастау алды

Ескендір Дауытов атындағы қызмет көрсету колледжінде Қазақстан халық партиясының бастауымен студенттердің арасында волейболдан жарыс өтіп жатыр. Барлығы – бәсекеге 4 құрама қатысуда. Аталған спорттық шара орта арнайы оқу орындары арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

АЛТЫНАЙ ӘСКЕРОВА, Е.Дауытов атындағы қызмет көрсету колледжінің директоры:

– Аталған жарыс “Спорт-өмір серігі” атты акция аясында өтуде. Президенттің тапсырмасы бойынша әр жан салауатты өмір салтын ұстану керек. Біздің білім мекемемізде спортқа көп бөлінген. Бұдан басқа да осы сияқты іс-шараларды өткізіп тұрамыз.

Командалар жарысқа жауапкершілікпен қарап, үздік атануға барын салды. Әр ойын тартысты өтуде. Сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.

АДАМ, жарысты ұйымдастырушы:

– Аталған іс-шара Қазақстан халық партиясына 20 жыл толуына байланысты өткізіліп отыр. Біздің саяси ұйым спортқа әрдайым көп көңіл бөледі. Бұдан да басқа көптеген турнир ұйымдастырған болатынбыз. Жеңімпаздарға арнап әкелген сыйлықтарымыз да бар. Өңірімізде волейболдың дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді.

Алдағы уақытта осы сияқты бәсі биік додалар көптеп өткізіледі.