Балалар

Өңірде тасқыннан зардап шеккен 30 бала экскурсияға барады

Өңірде тасқыннан зардап шеккен 30 бала танымдық экскурсияға тегін қатысады. Іс-шара «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен «Туған елге саяхат» әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асырылады. 12 күн ішінде балалар Қазақстанның 6 қаласын аралап, танымал мәдени-тарихи орындармен танысады.

АЛЬФИЯ АДИЕВА, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры:

– Балалар саяхат сапардан көкжиегі кеңейіп, жаңа достар табады, келесі оқу жылына күш-қуат жинап қайтады деген сенімдеміз. Оның үстіне биыл су басқан аймақтарға басымдық беріп отырмыз. Қандай жағдай болмасын, біздің міндет – бақытты балалық шақты қамтамасыз ету.

Экскурсияға тасқыннан зардап шеккен 6 қаланың оқушылары қатысады. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының шалғай аудандардағы көпбалалы және тұрмысы төмен, толық емес отбасылардың балалары қамтылады. Жеткіншектер тынығып қана қоймай тәлімгерлерімен жұмыс істеп, қызығушылықтарына қарай үйірме, спорттық шараларға барады. Әлеуметтік жоба екі кезеңмен өткізіледі. Әрқайсысында 10-15 жас аралығындағы 200 баладан қамтылады.

 

Гүлден Сембаева