Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзу фактілері анықталды

Облыста мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзу фактілері анықталды. Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғалары жалпы сомасы – 3,6 млрд теңгеге құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алулар жүргізген. Алайда, жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттар болмаған. Ал Шал ақын ауданында экономика және қаржы бөлімі аула аумақтарын асфальттау бойынша мекенжайы мен жұмыс көлемін көрсетпей сатып алу жүргізген. Ұсынылған ақша – 57,8 млн теңге. Заңға қайшы әрекет Есіл ауданында да тіркелді. Қадағалау органының наразылығына байланысты жоғарыда аталған сатып алулар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде.

 

Байболат Құлтанов