Ауыл шаруашылығы

Көктемгі егіс науқаны аяқталып келеді

Облысымызда көктемгі егіс науқаны аяқталуға жақын. Бүгінге дейін дәнді дақылдардың – 90 пайызы, майлы дақылдардың 80-нен астамы, жепшөптің 95 пайызы егілген. Жалпы, өңір бойынша алқаптардың көлемі 4,5 млн гектарды құрайды. Оның ішінде дәнді дақылдар – 3,4 млн гектар аумаққа, майлы дақылдар – 751, жемшөп 379 мың гектар жерге егілген. Негізі, егістің өнімділігі бірнеше факторға байланысты. Осы ретте өңірде тиісті шаралар қолға алынған. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді. Шаруаларға литрі 250 теңгеден арзандатылған жанар-жағармай берілді. Ылғал жабу жұмысы уақытында жүргізілді. 1 жарым млн гектарға жуық жерге 106 мың тонна тыңайтқыш себіліпті. Барлығы – 3 млн гектарға 257 мың тоннаға жуық өнім пайдалану жоспарланып отыр. Жалпы, 2024 жылға арналған ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау 60,8 млрд теңгені құрайды, оның 20 млрд-тан астамы өсімдік шаруашылығы саласын дамытуға арналған. Көктемгі егіс жұмысын тиімді әрі уақытында жүргізу барысын қадағалау бойынша шұғыл штаб жұмыс істеп жатыр. Туындаған мәселелер жедел түрде шешілуде.