Sailau banner

Қоғам

Былғары зауыты ауданында 7 апаттық үй бұзылды

ГҮЛДЕН СЕМБАЕВА, тілші:

– Былғары зауыты ауданының бір бөлігінде есілдік механикалық бригадалар жұмыс істеуде. Өздеріңіз көріп тұрғандай, жұмыс қызу. 3 күннің ішінде апаттық деп танылған 4 үй бұзылып, қазір 3 баспананы сүруде.

Тұрғындарға апатты баспанадан көшуге 1 аптадай уақыт беріледі. Сүрілген үйлердің аулалары тазаланып, қоқыс қаланың сыртына төгіліп жатыр. Іске 12 техника мен 30-дан астам адам жұмылдырылған. Жалпы, есілдік бригада 103 үйге жауапты, соның 67-сі сырылмақ. Бұдан бөлек, тұруға жарамды баспаналарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

ЕРЖАН МҰСТАФИН, Есіл ауданы әкімінің орынбасары:

– Екі жұмысты қатар алып жүрміз, тоқтатып жатқан жоқпыз. 13 үйде демонтаж жасадық. Қазір 3 үйге кірістік. Қажетті материалдарды алып жатырмыз. Жұмыс жобалық-сметалық құжаттама бойынша жасалып жатыр. Әрбір бригаданың бригадирлары болады.

Күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан үйлердің ең төменгі жобалық сметасы 1 млн теңгені құрайды, ал ең жоғарысы 7 млн теңгеге жеткен.

 

Гүлден Сембаева