Sailau banner

Білім

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері біліктілік арттырды

Тәжірибе алмасу, біліктілік арттыру. Облыс орталығында ауылдық мектерде еңбек ететін ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында семинар ұйымдастырылды. 3 күнге созылған жиынның мақсаты – ауылдағы білім деңгейін арттыру. Қымбат Ибраева – Ғ.Мүсірепов ауданына қарасты №2 Новоишим орта мектебінің өкілі. Нәзікжанды Петропавлда американдық білім жүйесімен жақынырақ танысқан. Жер мен көктей айырмашылықты сезініпті.

ҚЫМБАТ ИБРАЕВА, №2 Новоишим орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, Ғ. Мүсірепов ауданы:

– Америкада жоғары сынып оқушылары сабақ кестесін өздері таңдай алады. Ол өте қызықты деп ойлаймын. Дизайн, спорт, өнер сияқтылар бізде факультатив болса, шетелде пән ретінде өткізіледі.

Fulbright FLTA – бұл ағылшын пәні мұғалімдері үшін үлкен мүмкіндік. Аталған жоба аясында ұстаздар шет елде де білім бере алады. Алдағы уақытта Қымбат Ибраева шекара асып, еңбек етуді көздеп отыр. Айта кетейік, жиынға өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген 30 педагог қатысты. Олардың қалада тұруын, тамақтануын ұйымдастырушылар өз мойнына алған. Сондай-ақ, біліктілік арттыру мақсатында арнайы мамандар да шақырылған.

ДИНАРА ҚАИПОВА, Fulbright FLTA бағдарламасының фасилитаторы:

– Бұл семинардың мақсаты АҚШ елшілігінің бағдарламаларымен, мұғалімдерді көптеген мәліметтермен таныстыру болып табылады. Осы семинардың спикерлері – АҚШ-та оқып келген, Fulbright FLTA бағдарламасынан өткен жеңімпаздар.

Шара соңында біліктілік арттырған ұстаздарға сертификаттар табыс етілді.

 

Гүлден Сембаева