ТКШ

Жылыту маусымына дайындық

Жыл сайын энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға алдағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттары беріледі. Құжат кәсіпорындардың қауырт маусымға дайын екендігін растайды. Өтінімдер тамыздың 15-сі мен қыркүйектің 30-ы аралығында қабылданады. Оны электрондық үкімет арқылы тапсыру қажет. Айта кету қажет, энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар әзірлік паспортын алмаса, оларға айыппұл салынады.

НИКОЛАЙ БОРЗИЛОВ, ҚР ЭМ АЭҚБК СҚО бойынша аумақтық департаментінің басшысы:

– Облыста 6 кәсіпорын дайындық құжаттамасын алады. Оның 3-еуі бізден алса, қалғанына энергетикалық қадағалау комитетінен беріледі. Субъектілердің жұмысын бағалайтын комиссия іске тамыздың 1-інде кіріседі. Өткен жылы әзірлік паспортын барлығы алды. Кейбіреуіне ескерту жасалып берілді.

 

Гүлден Сембаева