Sailau banner

Қоғам

Волонтерлердің флешмобы

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған акция. Қала жастары бүгін Жеңіс саябағында бас қосып, патриоттық іс-шара өткізді. Олар үстеріне бірдей киім киіп, жүрек жасап, бірге “Қара жорға” биін биледі.

ДАМИР ӘБДИН, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

– Біздің тізіліп жүрек жасау себебіміз – жастардың жүрегінде жылулық, махаббат, патриоттық сезімнің болғанын қалаймыз. Олар елін, жерін сүйіп, келешекте маман атанғанда елдің дамуы үшін адал еңбек етулері керек.

Қала жастары осындай патриоттық іс-шараларды жиі өткізіп тұрады. Диляра Ержанова – волонтер. Ұдайы түрде игі іс жасауға бір жыл бұрын ден қойған. Белсенді жастың айтуынша әр азамат елдің дамуына өзіндік үлесін қоса білуі керек. Осы ретте осындай шаралар біріктіре түседі.

ДИЛЯРА ЕРЖАНОВА, волонтер:

– Волонтерлікпен мен алдыңғы жылдан бері айналысып келемін. Бұндай патриоттық шаралар елді сүюге үйретеді. Рәміздер күнімен баршаныңзды құттықтаймын!

Жалпы, шараға 70-тен астам волонтер қатысты.

 

Мәдина Қаби