Sailau banner

Қоғам

Рәміздер күніне орай көрме қанат жайды

Қазақстан Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты, Туымен тұғырлы. Бүгін облыстық мемлекеттік архивте осындай атаумен мемлекеттік рәміздер күніне орай көрме қанат жайды. Мәртебелі датаның құрметіне рәміздер тарихынан паш ететін мол ақпарат ынта білдіріп, қызыққандарға ұсынылып отыр.

МЕРЕКЕ БАЙМҰҚАНОВ, облыстық мемлекеттік архивтің бөлім басшысы:

– Бұл көрмеде рәміздеріміздің бейнелері мен оларды қабылдау туралы заңның тексі қойылған. Сонымен қатар, облыстық газетке Тәуелсіздік туралы заңның көшірмесі қойылған. Біз бұның барлығын оқу залы мен анықтама бөлмесіне келген жандар және осы архивтың қызметкерлеріне көрсетеміз.

Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысы, дербестігі мен тәуелсіздігінің белгісі.
Биыл еркіндігімізді айшықтайтын ұлттық символдарымызға 32 жыл толып отыр. Рәміздерімізді қастерлеу – азаматтық ұстаным мен және патриотизмнің айқын көрінісі деуге болады. Мұны бүгінгі көрмені тамашалаған Әсел Ахметова да растайды.

ӘСЕЛ АХМЕТОВА, қала тұрғыны:

– Біздің архивте көп нәрсені білуге болады. Көптеген іс-шаралар болады. Сол арқылы біраз тарихи ақпарттарға қанық бола аласыз. Мен Қазақстанның тұрғыны болғаныма қуаныштымын және рәміздердің тарихын біліп жүруге міндеттімін деп ойлаймын.

Жалпы, игі іс-шара дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі. Бүгін қанат жайған көрме танысам деушілерге 1 жеті бойы ұсынылады.

 

Ақжүніс Мұқатай