Sailau banner

Қоғам

Мүсіреповтық бригада апаттық үйлерді сүруде

Көз – қорқақ, қол – батыр! Ғабит Мүсірепов ауданынан келген бригада Ойқаладағы апаттық үйлерді сүруге кірісті. Бүгін техника тізгіндеген мамандар 3-ші баспананы бұзып, жарамсыздың барлығын арнайы көлікке артып жатыр. Жұмыс ауқымды. Жігіттер үйіндіге айналатын 137 нысанды қала сыртына шығаруы тиіс. Бұдан бөлек, жөндеуге жарамды 50-ге тарта үй бар. Іс баяу атқарылуда. Оған себеп – бертінге дейін судың тұруы. Жерлестеріміз тасқын қалдығын сорып алған, бүгінде 7 баспананы кептіруде. Ал 2 үй қайта қалыпқа келтіріліп жатыр. Маңызды шаруа уақыт өте қарқын алмақ.

ЕРЛАН АМАНЖОЛОВ, Ғабит Мүсірепов ауданы әкімінің орынбасары:

– Барлық бағалау жұмысы аяқталып, қорытынды шығарылды. Біз аянбай еңбек етіп жатырмыз. Ауданнан 35 жігіт келді. Техника жеткілікті. 1 күнде 1 үйді сүрмекпіз. Жөндеуге келсек, 1 баспананы қайта қалыпқа келтіруге 3 аптадай уақыт кетеді. Жоспар құрылған. Тер төгуге дайынбыз.

 

Байболат Құлтанов