Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Мерекеде тәртіп сақшыларының шені өсті

Мемлекеттік рәміздер күнінде солтүстікқазақстандық бес полицей кезекті офицерлік шендерін алды. Үшеуіне – майор, біреуіне полковник шені берілді. Ал М.Жұмабаев ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Жалғасбек Мұқашев подполковник атанды.

ЖАЛҒАСБЕК МҰҚАШЕВ, М.Жұмабаев ауданы ПБ бастығының орынбасары:

– Ішкі істер органдарында 2007 жылдан бастап қызмет атқарып келемін. Мемлекеттік мерекеге орай полиция подполковнигі шенін алып отырмын. Бұл – мен үшін зор мәртебе. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау жолында одан әрі мінсіз қызмет ете беремін.